Түркістан: «Менің елім – Қазақстан!» атты ән фестивалі өтті

15 Желтоқсан, 2018 581 0

16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Түркістан облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен «Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимаратында «Менің елім – Қазақстан!» ән фестивалі болып өтті.

Түркістан облысы бойынша барлық аудандардағы түрлі этнос өкілдері арасында өткен ән байқауы өз мәресіне жетті. Сайыстың шарты бойынша облыстағы әр түрлі ұлт өкілдері қатысуы тиіс болатын.

Облыстағы түрлі этнос өкілдерінің қатысуымен өткен бұл ән байқауында отаншылдық, патриоттық тұрғыдағы әндер шырқалды. «Менің елім – Қазақстан!» атты ән байқауында жүлделі орындар тағайындалып, сайыс барысында өзара сайысқа түскен әр ауданның қатысушылары түрлі номинациялар бойынша марапатталды. Сайыста жүлделі орындарға ие болған қатысушыларға ақшалай сыйлықтар табыс етілді.

Ал, Түркістан облысы, Сайрам ауданының атынан қатысқан әнші Ибрагимов Нематжан жеңімпаз атанып, бас жүлдені иемденді және қаржылай сыйлықтармен марапатталды.

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.