"Бала ауыр дәрежедегі токсик әсерін алған. Дәрігерлердің күндіз-түні бақылауында болып, 3 күннен кейін бала токсикология бөліміне ауыстырылған. Қазір ем қабылдап жатыр", – деді Т.Орынбаев атындағы гипербариялық оксигенация орталығының бас дәрігері Мадина Ермағанбетова.Дәрігерлер 10 жыл бұрын ішкі құрылысы күйген балалардың 80%-ін өлім аузынан аман алып қалу қиынның қиыны еді. Бүгінгі медицина мұндай жағдайға тап болған балалардың өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді. Дегенмен бұл ата-ананың бала алдындағы жауапкершілігін төмендетпеуге тиіс екендігін алға тартады мамандар.
Шымкенттік дәрігерлер марганец ішкен баланы аман алып қалды
Оқиға 8 тамызда Шымкент қаласында орын алған. 3 жасар бала марганец ерітіндісін ішіп қойған, деп жазады NewsRoom+ақпарат агенттігі Otyrar.kz ке сілтеме жасап.
Химия сұйықтығын ішіп қойған бүлдіршіннің ауыз қуысы толықтай күйген. Ауыр жағдайдағы баланы аман алып қалу үшін дәрігерлер оны шұғыл түрде жансақтау бөліміне жатқызып, реанимация көмегін көрсетіпті.
Анасының айтуынша, бала үйде ойнап жүріп бір құтыдағы марганец ерітіндісін ішіп қойған.