Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
12 тамыз, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Қазақстанның ең көрікті аруы Айдай Исаева ана атанды

Қазақстанның ең көрікті аруы Айдай Исаева ана атанды

Қазақстанның ең көрікті аруы Айдай Исаева ана атанды
ашық дереккөзі
   width= Еліміздің атынан арулар сайысына қатысқан "Әлем аруы-2015" Айдай Исаева бүгін үшінші рет ана атанды, деп хабарлайды NewsRoom+ақпарат агенттігі. Өміріндегі маңызды оқиғасы жайлы модель әрі жүргізуші өз Instagram парақшасында бөлісті. Ол қыз баланы дүниеге әкелді. Нәрестенің есімі әзірге белгісіз.
"Жаратушы Аллаға сансыз шүкір. Алланың қалауымен айдай сұлу қызымыз қуатты, ақылды, халқына жанашыр, елін, жер-анамыздың дамуына үлес қосатын, биік шыңдарды бағындырған, бойына Құдіретті Алланың нұры жауған жарқыраған қыз болсын",-деп жазды ол.
Еске сала кетейік, Айдай 2015 жылы Мақсат Мамытханұлы есімді кәсіпкер жігітке тұрмысқа шыққан. Екі жастың тойы Шымкент қаласында өткен. 2016 жылдың қазан айында ол ұлды болды. Ал 2018 жылы Алсу есімді қыз баланы өмірге әкелген болатын.