Түркістан: Мемлекеттік қызметкерлер уәкілдің қабылдауында болды

14 Желтоқсан, 2018 432 0

Түркістан облысына қарасты Арыс қаласында қала әкімі М.Б.Қадырбек пен Түркістан облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Ә.М.Әлішевтың қатысуымен әкімдік ғимаратында алқалы жиын өтті.

Қызметтiк әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттiк қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы заңнама мен Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнiң Әдеп кодексiн бұзушылықтардың профилактикасын қамтамасыз ету қызметiн жүзеге асыратын, сондай-ақ өз функциялары шегiнде мемлекеттiк қызметшiлер мен азаматтарға кеңес беретін Түркістан облысы әкімі аппаратының уәкілі мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқының, жүріс-тұрысының өз қызметіне лайықты болуына ерекше тоқталды.

Сонымен қатар, осылайша халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызмет саласында өзара қатынастар мәдениетінің дамуына ықпал ететінін айта келіп, мемқызметшілерге ҚР мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша кеңестер берді.

Жиыннан соң уәкіл мемлекеттік қызметкерлерге жеке қабылдау өткізді. 

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.