Тәуелсіздік мерекесі жаңа облыста тұңғыш рет тойланды

14 Желтоқсан, 2018 437 0

Тәуелсіздік мерекесі Түркістан облысында тұңғыш рет тойланды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Түркістан қаласында Тәуелсіздік мерекесіне арналған "Тәуелсіздік-тұғырым" атты мерекелік шара өтті.
Мемлекеттік әнұранмен басталған жиында Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев көпшілікті еліміздің ең ұлық мерекесімен құттықтады.
"Тәуелсіздік — ұлы ұғым. Жұмыр жер бетінде азаттығын аңсап, бостандыққа қол жеткізе алмай жүрген ұлттар көп. Жыл, ай емес, минут сайын құбылатын алмағайып заманда Қазақстанымызбен мақтанып қана қоймай, тәуелсіздігімізді тұғырлы ету үшін баршамыз еңбек етуге тиістіміз. Биыл Тәуелсіздік күні мерекесін жаңа облыс орталығы — Түркістан қаласында тұңғыш рет атап өтудеміз. Бұл да тарихи оқиға. Бүгінде Елбасымыздың қолдауымен Түркістанымыз түрленіп, облысымыздың әлеуеті көтеріліп келеді",— деген облыс басшысы көпшілікті әр сала бойынша облыста атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды.
Жиын барысында облыс әкімі елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы ынтымақ пен достықтың нығаюына елеулі үлесі қосқан азаматтарды мемлекеттік наградалармен марапаттады.
Мерекелік кеш корцерттік бағдарламамен жалғасты.

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.