Түркістандық кәсіпкерді министр марапаттады

14 Желтоқсан, 2018 615 0

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсының лауреаттары атақтарын беру ережесіне сәйкес, «Парыз – 2018» конкурсына Түркістан облысы, Келес ауданынан «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» номинациясы бойынша қатысқан Жеке кәсіпкер ЖК «Рустемова» Улбосын Рустемова лайық деп танылды.  


Түркістан облысы, Келес ауданының кәсіпкерін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрі Мәдина Абылқасымова марапаттады, деп хабарлайды newsroom+ Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы №523 Жарлығымен бекітілген Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсының лауреаттары атақтарын беру ережесіне сәйкес, «Парыз – 2018» конкурсына Түркістан облысы, Келес ауданынан «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» номинациясы бойынша қатысқан Жеке кәсіпкер ЖК «Рустемова»Улбосын Рустемованы Астана қаласында өткен Парыз-2018 Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі конкурсында Дипломмен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Абылқасымова марапаттады.

Естеріңізге сала кетсек, Астанада ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының жеңімпаздарын, «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауының және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі «Парыз-2018» байқауының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өткен болатын.

Биылғы жылы «Алтын сапа» конкурсына 182 кәсіпорын, оның ішінде 78 -і шағын кәсіпкерлік, 76-сы орта және 28 -і ірі кәсіпкерлік нысаны қатысты.

Жеңімпаздар төрт номинация бойынша - «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын», «Халық тұтынатын тауарлар шығаратын үздік кәсіпорын», «Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын», «Азық-түлік тауарларын және/немесе ауыл шаруашылығы өнімін шығаратын үздік кәсіпорын» сайысқа түскен еді. 


Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.