Жаңалықтар

Ұшаққа отырып көрмеген жандар үшін

Әуе кемелерінің арқасында, адамдар алыс қашықтықтағы жерге, тез уақытта жете алады. Ұшақ жайлы не білесіз? Ол қашан пайда  болды? Осы сұрақтардың жауабы – төменде. Алғашқы ұшақ – «Флайер-1» деп аталып, аспанға 1903 жылы көтерілді. Ол әуеде 12 секунд болып, 36 метр қашықтықты ұшып өтті. Жолаушылар ұшағындағы ең қауіпсіз орын – артқы жағы. Апат кезінде, бұл жерде отырған адамдардың аман қалуы, 40%-ға жоғарылайды. Статистика бойынша, ең қауіпті уақыт – ұшқаннан кейінгі 3 минут және қонуға қалған соңғы 8 минут. Бірақ зерртеулерге сәйкес, әуе кемелері әлемдегі ең қауіпсіз көлік түрі болып саналады. Қазіргі заманның технологиялары, ұшақты – адамдарсыз ұшыруға мүмкіндік береді. Дегенмен, қауіпсіздік ережелері бойынша, бұған тыйым салынған. Өйткені, жолаушылардың өмірін, жасанды интеллектке сеніп тапсыруға болмайды. Аспанда ұшақтар қалдыратын із – конденсат. Ол реактивті қозғалтқыштан шыққан ыстық ауаның, әуедегі суық ауамен араласуынан туындайды. «Боинг X-43» әлемнің ең жылдам ұшағы. Оның жылдамдығы – 11230 км/сағ дейін жетеді. Отын ретінде, сутегі мен оттегіні қолданады. Планетадағы ең кішкентай ұшақ – «BD-5 Micro» деп аталады. Оның ұзындығы – 5 метр, ал салмағы – 162 кг. Ұшқыштарға бірдей тамақ жеуге болмайды. Бұл ереже – екі ұшқыш бір мезгілде уланып қалмасын деп жасалған. «Airbus A380» – ең үлкен әуе кемерлерінің бірі. Ол 850 жолаушыны тасымалдай алады. Америка Құрама Штаттарында, барлық әуежайлардан күніне 2 миллион адам ұшады. Мишель Лотито есімді француз азаматы, «Cessna 150» ұшағын толығымен жеп қойған! Бұл процесс екі жылға созылды. Орташа алғанда әрбір ұшаққа, жылына бір рет найзағай тиеді. Бірақ, заманауи ұшақтар найзағайлардан қорғалған. Дереккөз: Faktiler.kz порталынан