Ресей күні кеше әлемдегі алғашқылардың бірі болып, коронавирусқа қарсы екпені тіркелгенін айтып, әлемге жар салған еді. Еліміз ресейлік жаңа екпені сатып алуды жоспарлап отыриағандығын және сынақтар аяқталғанға дейін күте тұрамыз дейді, ҚР ДСМ ресми өкілі Бағдат Қожахметов, деп хабарлайды
NewsRoom+ақпарат агенттігі.
"Екпе сатып алу туралы айтуға әлі ерте. Әзірге Қазақстан екпені сатып алу жөніндегі ешқандай келісімшартқа қол қойған жоқ. Өйткені ол екпе сынақтардың төртінші, клиникалық кезеңінен әлі өткен жоқ. Сондай-ақ екпе тек ресейлік сертификаттаулардан ғана емес, халықаралық сертификаттардан да өтуі тиіс. Сондықтан бұл сұрақ бойынша әзірге ешқандай шешім қабылданған жоқ", деді Бағдат Қожахметов.