Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
12 тамыз, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Қытайлық кәсіпкер бриллиант тастармен безендірілген алтын маскаға тапсырыс берді

Қытайлық кәсіпкер бриллиант тастармен безендірілген алтын маскаға тапсырыс берді

Қытайлық кәсіпкер бриллиант тастармен безендірілген алтын маскаға тапсырыс берді
ашық дереккөзі
   width= Қытайлық кәсіпкер әлемдегі ең қымбат маскаға тапсырыс берді. Оның бағасы шамамен 1,5 миллион доллар, теңгемен 630,6 миллион, деп хабарлайды NewsRoom+ақпарат агенттігі. Кәсіпкер Израильдегі сән үйіне үстіміздегі жылдың басында хабарласқан. Оның тапсырысы бойынша тігілетін масканың сырты ақ алтынмен қапталып, 3600 ақ және қара түсті бриллиант тастармен көмкерілмек. Сән үйінің дизайнері Айзек Левидің мәлімдеуінше, тапсырыс беруші үш шартын айтқан. Оның біріншісі масканың атауы N 99, екіншісі шарты жеткізілуі 31 желтоқсанға дейін болуы тиіс. Және үшінші әлемдегі ең қымбат маска болуы тиіс. Сән үйінің басшысы пандемия кезінде бұндай тапсырыстың түскеніне дән риза. Сондай-ақ қызметкерлеріне қиын-қыстау кезінде жұмыстың жетіп артылатынын айтып өтті. Бриллиант тастармен безендіру ісі оңай болмағанымен, тапсырманы орындап шығатынына сенімді.