​Жансейіт Түймебаев: «Жаңа техникалар ел игілігіне қызмет атқарады»

14 Желтоқсан, 2018 405 0

Түркістанда аймақ басшысы Жансейіт Түймебаев облыстық Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесіне жаңа 20 бірлік арнайы техникаларды салтанатты түрде табыстады.

Есім хан алаңында ТЖД-нің басшылығы менқұрамы және БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткенжиында өңір басшысы Жансейіт Қансейітұлы, облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Нұрғали Жүнісов, облыстық Төтенше жағдайлар жүйесін 25 жылдан астам уақыт басқарғанқұрметті ардагер, полковник Уалихан Ережепов құттықтау сөзін арнап, Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады.

«Тәуелсіздік қарсаңында өткізіліп жатқан іс-шараның өздік ерекшелігі орасан.Себебі, азаматтық қорғау қызметкерлерінің жігерін арттырып, қызметтерін адал атқаруға үлес қосатыны сөзсіз. Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдарының жыл сайынғы қолдауы біздің материалдық техникалық базамызды нығайтып, жаңа мүмкіндіктер ашуда.Осының барлығы Түркістан облысы халқының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстар»,-деді облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Нұрғали Сырлыбайұлы.

Шараның маңызды бөлігіне сай бірқатар сала мамандарына алғыс хат табыстаған облыс әкімі жаңа техникалармен танысып шықты.

Айта кету керек, өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінде қазіргі таңда 139 бірлік өрт сөндіру техникасы бар. Осыған орай жергілікті атқарушы органдарының бюджеті есебінен 380 млн. теңгені құрайтын 20 бірлік арнайы техникалары сатып алынған. 

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.