Шымкенттегі «Гранд-прага» мейрамханасында 10 тамыз күні кешкі уақытта атыс орын алған. Оқиғаға қатысы барлар іздестірілуде. Әзірге оқиғаның себебі белгісіз. Алайда қайтыс болған жан мен атқан күдікті жақын таныстар екенін айтты полиция қызметкері, деп хабарлайды NewsRoom+ақпарат агенттігі Otyrar.kz сілтеме жасап.
Жолдастардың не үшін жанжалдасқандары әзірге беймәлім. Белгілісі бір дастарханда отырған, жетеудің бірі көз жұмса, бірі ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер оның денесінен екі оқты алып үлгеріпті. Үшіншісін алу үшін тағы бір ота жасалуы керек.
“Толық диагнозы оң жақ және сол жақ өкпе қуысының ашық жарақаты, Пневмоторакс, құрсақ қуысының жабық жарақаты. Пневмоторакс, құрсақ қуысының жабық жарақаты. 12 елі ішектің және тоқ ішектің зақымдануы. Екі балтырынан оқ жарақатымен келіп түсті. Анализдерін алғаннан кейін бірден ота жасалынды. Қазір жағдайы ауыр, тұрақты”,-дейді Нұржан Естемесов, №1 қалалық клиникалық ауруханасының бас дәрігері орынбасарының м.а.Бұл оқиғаға қатысты полицейлер өзге де нақты ақпарат бере алмай отыр.
“Қазір тергеу амалдары жүріп жатқан кезде, былай деп айтуға болмайды. Тергеу амалдары барысында себебі дәләлденеді. Тіпті мен сіздерге айтайын, қайтыс болған жігіт пен атқан деген күдікті жан-жолдас. Енді қазір тергеу жүргізуіміз керек. Аталған жәйт бойынша ҚР ҚК 99-бабы “Адам өлтіру” және ҚР ҚК 287-бабы “Атыс қаруын заңсыз сақтау, алып жүру және тасымалдау”. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде”,-дейді Ералы Жұмаханбетов, Шымкент қалалық Полиция департаментінің бастығы.