Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
12 тамыз, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Шымкентте 405 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды

Шымкентте 405 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды

Шымкентте 405 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды
ашық дереккөзі

Шымкентте "Таза Қазақстан" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 405 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, - деп хабарлайды NewsRoom+ Ақпарат тілшісі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

26 шілдеден бастап республика көлемінде "Таза Қазақстан" жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Осы бойынша Шымкент қаласы полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасы мен Шымкент қаласы бойынша экология департаментімен бірлесе “Бадам” және “Тоғыс” су қоймасына бірлескен рейдтік іс-шара өткізілді. Айта өтейік, “Таза Қазақстан” жедел-профилактикалық іс-шарасының басты мақсаты – экологиялық құқықбұзушылықтардың алдын алу. Жалпы өткізілген рейдтік іс-шаралар нәтижесінде, барлығы 405 әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталған.