Жаңалықтар

АҚШ–тың жаңа вице–президенті қара нәсілді әйел болуы мүмкін

   width= АҚШ-тың Демократиялық партиясы атынан президенттік сайлауға қатысатын Джо Байден сенатор Камала Харристі болашақ вице-президент ретінде таңдады, деп хабарлайды NewsRoom+ақпарат агенттігі. Бұл туралы ол өзінің twitter-дегі парақшасында жазған. Осылайша Харрис АҚШ вице-президенттігіне ұсынылған қаранәсілді алғашқы әйел болмақ. Жалпы Байденнің айтуынша, ол жасырын іріктеу шараларынан кейін осындай шешімге келген. Өз кезегінде СNN телеарнасы саясаткердің бұл жоспары туралы оның жақын достары мен демеушілері де білмегенін мәлімдеді. Камала Харрис туралы мәлімет берер болсақ, ол 55 жаста. Анасы – Үндістан тумасы, әкесі – Ямайкадан.