Қайғылы оқиға: екі бала құдыққа құлап, қайтыс болды
Қайғылы оқиға: екі бала құдыққа құлап, қайтыс болды

"12 тамызда түнгі сағат 00.20-да 2017 және 2019 жылы туған балалардың құдыққа құлап кеткен туралы хабар түсті. Қайғылы оқиға Жангелді ауданы Бірлік ауылдық округіне қарасты Шошай қыстауында болған. 11 тамызда түскі сағат шамамен 15.00-де ата-ананың қарауынсыз қалған 2 бала тереңдігі 3 метр болатын құдыққа құлап кеткен. Кешкі сағат 18.30-да жергілікті тұрғындар балалардың мәйітін құдықтан алып шыққан", - делінген хабарламада.Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, сараптама тағайындалды.