​Кентаулықтар мерекені жоғары деңгейде атап өтті

14 Желтоқсан, 2018 405 0

Тәуелсіздік мерекесі Түркістан облысына қарасты Кентау қаласында жоғары деңгейде аталып өтті.

Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайында өткен "Елімнің бақытын тербеген Тәуелсіздік" атты шара театрландырылған қойылыммен бастау алды. Ардагер хоры "Қазақстаным, алға!" атты әндерді орындады. Көрермендер Ел Егемендігіне арналған бейнероликті тамашалды.

Қала әкімі Әбдібақыт Мақұлбаев қала тұрғындарын Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

- Қазақстандықтар көптеген сындарды бастан кештi, оның бәрi бiздi шыңдады. Экономикалық, демократиялық, құқықтық және әлеуметтiк жаңғыртулар, қоғамдық келiсiм, саяси тұрақтылық — осының бәрi Қазақстанның әлемдiк қауымдастықта өзiнiң лайықты орнын алуын қамтамасыз еттi. Бiздiң республикамыз ТМД-ның көптеген елдерi және барлық Орталық Азия аймағы үшiн серпiндi дамудың нағыз үлгiсiне айналды.Тәуелсiз Қазақстанның қалыптасуына бiздiң өңiрдiң тұрғындары да сүбелi үлес қосты. Бүгінде бүкiл елiмiзбен бiрге Кентау қаласыда өркендеп, дамып келедi,– деді қала әкімі.

Салтанатты жиында қалалық мәслихат хатшысы Талғат Балабиевте мерекелік лебізін білдірді.

Іс-шарада қаланың дамуына үлес қосқан азаматтар "Астанаға 20 жыл", "Облыстың құрметті депутаты" медальдарымен және облыс әкімінің грамотасы мен қала әкімінің алғыс хатына ие болды.

Іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.