​Тәуелсіздік мерекесінде Келестік жастарға сарай тарту етілді

14 Желтоқсан, 2018 412 0

Түркістан облысы Келес ауданында «Жастар ресурстық орталығына» жастар сарайы тапсырылды.

Тәуелсіздігіміздің 27 жылдық мерекесі қарсаңында Келес ауданының орталығы Абай ауылында Жастар сарайының ашылу салтанаты болып өтті.

Салтанатты шараға Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев, аудан әкімінің орынбасары Алмас Сексенбаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Шералы Сәрсенов, аудандық Жастар ресурсттық орталығының директоры Эрнар Бектаев және аудан тұрғындары қатысты.

Бұл жастар сарайынашудың мақсаты - ауыл жастарын белсенділікке, құқықтары мен мүдделерін қорғау, мемлекеттілік пен қазақстандық патриотизмге баулу, ауыл жастарын сапалы әрі қолжетімді біліммен қамтамасыздандыру, жастарды жұмысқа орналасуға мүмкіндік жасау, жастарға және жас отбасыларға қолжетімді баспанамен қамсыздандыру жүйесін дамыту, психологиялық көмек көрсету болып отыр.

Жастар сарайының ашылуы барысында салтанатты түрде ғимараттың лентасын аудан әкімі Ақментай Есбаев және аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Шералы Сәрсенов кесіп, Жастар сарайының құрылымымен танысып шықты.

Айта кету керек, бүгінгі таңда Келес ауданында жастар саны - 37 817 құраса, оның ішінде ерлер - 18946, әйелдер - 18871. Мектеп оқушылары 10 790 құрайды.

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.