​«I LOVE AÝYL» - Түркістан театрында премьера сахналанды

14 Желтоқсан, 2018 434 0

Түркістан қаласындағы Райымбек Сейтметов атындағы Түркістан сазды-драма театрында Нартай Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық драма театрының көркемдік жетекшісі Хұсейін Әмір-Темірдің «I love aýyl» атты шығармасы сахналанды.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қойылған қойылымда әртістер«Туған жер», «Отан», «Ауыл», «Атамекен» тақырыбындағы әндер орындалып,тағдыр тәлкегіне түскен төрт әжейдіңшалғай ауылдағы өмірі суреттеледі. Комедия жанрына негізделген оқиға желісі шырайы кеткен ауылдың жер телімін түгелдей сатып алып ойынхана (казино) саламын деген қалталы азаматтың ой өзгеріп, ауылдың гүлденуіне күш салудағы әрекетімен түйінделген.

Премьера аяқталғанда театр әртістеріне, шығарма авторы мен қоюшы режиссері – Нұржан Ізтаевқа көрермендер ерекше қошемет көрсетті. Сахна төріне аймақ басшысы ЖансейітТүймебаевтың, облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының, сазды-драма театрының ықылас гүлдері қойылды.

Өз кезегінде автор Хұсейін Әмір-Темір театр ұжымының еңбегін жоғары бағалап, шығармашылық табыстар тіледі.Сондай-ақ, сазды-драма театрының директоры Ержан Исатаевқа бірнеше туындыларын сыйға тартты.

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.