Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
12 тамыз, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Covid-19: бір күнде 30 адам қайтыс болды

Covid-19: бір күнде 30 адам қайтыс болды

Covid-19: бір күнде 30 адам қайтыс болды
ашық дереккөзі
 width= Қазақстанда соңғы тәулік ішінде анықталған коронавирусқа ұқсас пневмониялардың саны күрт өсті. Соңғы тәулікте аталған дерт салдарынан 8 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі  Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап. Айта кеткен жөн, 1 тамыздан бастап елімізде коронавируспен бірге оған ұқсас пневмонияның статистикасы да жүргізіледі. Бірақ екеуін бөлек көрсетеді. Себебі коронавирустық пневмонияда ПТР-тест теріс нәтижемен шығады. Содан статистикада коронавирус "КВИ+" деп белгіленсе, коронавирустық пневмония "КВИ-" деп көрсетіледі.

"Коронавирустық пневмониямен (КВИ-) соңғы тәулік ішінде 1 423 адам тіркелді. Бүгін коронавирустық пневмониядан қайтыс болғандардың саны 8 адамды құрап отыр. Ал 1 тамыздан бері осы диагнозбен 14 760 адам тіркелсе, 181 науқас көз жұмды", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, министрлік мәліметінде науқастардың (КВИ+ пен КВИ-) арасында 419 адамның ахуалы нашар екендігі көрсетілген. Соның ішінде 101 науқастың жағдайы аса қатты ауыр деп бағаланса, 94 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр. Денсаулық сақтау министрлігінің соңғы мәліметіне сәйкес, республика бойынша бір тәулікте коронавирус (КВИ+) жұқтырған 691 адам анықталды. Кешеден бері 22 науқас қайтыс болды. Жалпы, ПТР-тесті теріс нәтиже көрсеткен науқастардың саны 100 855-ке жетті. Барлығы 1 313 адам қайтыс болды.