Шымкент пен Түркістандағы миллиондаған қарыздар қайтарылды

14 Желтоқсан, 2018 445 0

Шымкент қаласы мен Түркістан олблысындағы кәсіподақтар ұйымдарының араласуымен миллиондаған жалақы қарыздары қайтарылды.

Еліміздің үшінші мегаполисі Шымкент қаласында 10 мекеменің 1294 жұмыскерге 192 млн. 892 мың теңге жалақы қарызы болған. Қарыздарды жабу мақсатында кәсіподақ ұйымының ұйытқы болуымен үшжақты комиссияның бірлесіп атқарған жұмыстарының нәтижесінде төрт бірдей мекеме 10 адам алдындағы 2,9 млн. теңгені құрайтын қарызын өтеген. Сонымен бірге, 378 адамға 45 млн. теңге берешегі бар екі мекеме банкрот деп танылған.

Шымкент қаласы бойынша тағы да екі мекеменің жұмысшылар алдындағы берешегі анықталған. Нәтижесінде Шымшаһарда жұмыс беруші алты мекеменің 910 жұмыскердің алдында 143,4 млн. теңге жалақы қарызы әлі де қалып отыр. Дегенмен, қосымша 2 мекемеде жұмыскерлер алдында жалақы қарыздары анықталып, жалпы 6 мекемеде 910 жұмыскердің алдында 143,4 млн. теңге жалақы қарызы бар.

Кәсіподақ орталығының баспасөз қызметінің мәліметінше, Түркістан облысы бойынша 4 кәсіпорын 82 жұмысшыға 126 млн. 667 мың 758 теңге жалақысын дер кезінде бере алмай, қарызданып қалған. Кәсіподақ ұйымдарының мұрындық болуымен үшжақты комиссияның бірлесіп жүргізген жұмысы нәтижесінде бір мекеме ғана жұмысшы алдындағы берешегін өтей алған. Яғни, 381 жұмыскерге 28,6 млн. теңге жалақысы төленіп берілген. Сөйтіп Түркістан облысы бойынша әлі үш мекеме 76 жұмыскердің алдында 45 885 191 теңге жалақы қарызынан құтыла алмай отыр. 

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.