Жаңалықтар

Түркістан: "сапалы жол - адалдық алаңы" жобасы аяқталды

Түркістан: "сапалы жол - адалдық алаңы" жобасы аяқталды

 width= Ағымдағы жылдың 5 мамыры күні ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің  Түркістан облысы бойынша Департаментінің жанынан құрылған   «Түркістан- адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің  «Сапалы жол» жобасы аясында Түркістан облысына қарасты Созақ ауданының автокөлік жолдарына кешенді мониторинг жұмыстары жүргізілген болатын. Бұл туралы Newsroom+Ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Аталмыш мониторинг барысында ауданға қарасты Тасты және Шолаққорған ауылдарына төселген жаңа жолдардан жылжымалы жол зертханалық көлігі арқылы асфальт бетон жамылғысынан  сынамалар алынып, қос ауылдың  жолдарының сапасының сын көтермейтінін байқаған мамандар, мердігер жұмысында анықталған кемшіліктер бойынша  акт түзіп, мердігер мекеме басшыларына қайта жөндеуден өткізуге бірқатар ұсыныстар берген болатын. Нәтижесінде, аталған кемшіліктер бойынша мердігер мекемелер сапасыз деп танылған жолдарды қайта қалпына келтіріп,  ауыл тұрғындардың талап-тілегін қанағаттандырып отыр. Осы орайда,  назарларыңызға кешенді мониторинг жұмыстарына «дейінгі» және «кейінгі» суреттерді ұсынамыз. Айта кетсек, алдағы уақытта да Түркістан облысына қарасты барлық қала/аудандардың жолдары жиі бақылауға алынып, жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарына жылжымалы жол зертханалық көліктері арқылы тексеру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілетін болады.