Төлеби ауданында "ТӘУЕЛСІЗДІК - ЖЕЛТОҚСАННЫҢ ЖЕМІСІ" атты дөңгелек үстел өтті

13 Желтоқсан, 2018 450 0

Түркістан облысы Төлеби ауданында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды newsroom+ Көксәйек көпсалалы техникалық колледжінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасына сілтеме жасап.

Іс-шараны Көксәйек көпсалалы техникалық колледжінің "Қоғамдық пәндер" әдістемелік бірлестігі жетекшісі Мархабат Еркінбекова "Тәуелсіздік - желтоқсанның жемісі" атты тақырыпта ұйымдастырды.

Колледждің белсенді жастары "ызғарлы желтоқсан" оқиғасының қатысушылырымен дөңгелек үстел басына жиналып танымдық кездесу өткізді. Кездесудің басты - Ешенқұлова Сәуле Мейірманқұлқызы. 1986 жылы16 желтоқсан көтерілісіне қатысқан қазақ жастарының бірі бүгінгі дөңгелек үстелге шақырылған арнайы қонақ болды .

“Кездесуде желтоқсан оқиғасына байланысты бейнероликтер көрсетілді. Қазақстанның өткені мен бүгіні жайында , жеткен жетістіктеріміз бен алдағы шығар белестеріміз, алар асуларымыз әңгімеге арқау болды. Бүгінгі кездесу жастарға рух беріп, өз елінің патриоты болуға үн қосқандай болды. Ата- бабамыз аңсаған Тәуелсіздіктің оңай келмегенін түсіну, оны сақтап, болашақ ұрпаққа аманаттап тапсыру бүгінгі ұрпақ еншісіндегі ең басты міндет екенін ұмытпауымыз керек”,- дейді ұйымдастырушы.

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.