Түркістан тұрғындары суға кеткен баланы құтқарған еріктілер мен полицейлерге алғыс айтты
Түркістан тұрғындары суға кеткен баланы құтқарған еріктілер мен полицейлерге алғыс айтты
Келес АПБ-не Абай ауылы жанынан ағып өтетін Келес өзенінде шомылып жүрген белгісіз бір бала ағып бара жатқаны жөнінде хабарлама түскен. Ақпарат алысымен тез арада Келес АПБ-нің жедел-тергеу тобы оқиға орнына шықты. Бұл туралы Newsroom+Ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Полицейлердің анықтауынша, күндізгі сағат 11:30 шамасында Келес өзенінде шомылып жүрген 10 жасар жасөспірім абайсызда судың терең жағына барып қалып, өзеннің ағысы алып кетеді.
Балаларына қайта өмір сыйлаған ерікті Еркеғали мен Келес АПБ қызметкерлеріне жасөспірімнің туған-туыстары шынайы алғыстарын айтып, ризашылықтарын жеткізді. Жұмыстарына табыс, қоғамдық тыныштықты сақтауда атқарып жатқан қызметтеріне абырой тіледі. 