Түркістанда басқарма басшысы тағайындалды

14 Желтоқсан, 2018 690 0

Түркістан облысы әкімінің өкімімен облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы лауазымына Бекзат Тлегенов Каленұлы тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңа басшыны ұжымға облыс әкімінің орынбасары Төлеген Сәрсембаев таныстырып, сәттілік тіледі. Өз кезегінде Бекзат Тлегенов артылған сенім үшін алғысын білдіріп, алдағы мақсаттарды тиянақты атқаруға бар күшін салатынын атап өтті.
Б.Тлегенов 1976 жылы 8 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтаарал ауданында дүниеге келген.
1997 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін, 2000 жылы Қазақ Мемлекеттік заң академиясын, 2006 жылы Оңтүстік Қазақстан ашық университетін бітірген.
Еңбек жолын 1997 жылы «Нұржан» өндірістік кооперативінде аға агроном қызметінен бастаған. 2001-2008 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан қаржы және қаржы құқығы институтында Әскери дайындық кафедрасының дәріскері қызметінен бастап директор орынбасары лауазымына дейін көтерілген. 2008 жылы Шымкент қаласының жер қатынастары бөлімінің меңгерушісі, 2011 жылы ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінде бас маман, 2012 жылы Сайрам ауданы салық басқармасында бас маман, 2013 жылы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінде сарапшы қызметтерін атқарған. 2013-2017 жылдар аралығында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіп кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Оңтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының басшысы болған.

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.