Түркістан: Тәуелсіздік тұтқасы - бізге аманат»

14 Желтоқсан, 2018 462 0

Қазақстан Республикасы, оның ішінде Түркістан облысының барлық аудандары мен ауылдары жарыса тойлап жатқан Тәуелсіздік тойына Отырар ауданындағы Темір елдімекені де өз үлесін қосуда. Аталған ауыл округінің мәдениет үйінде айтулы күн ерекше салтанатпен аталып өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Шараның өтуіне ұйытқы болған — «Темір» жалпы орта мектебінің ұжымы. «Тәуелсіздік тұтқасы бізге аманат» деген атпен бастау алған бағдарламада мектеп оқушылары, сонымен қатар мектептің «Әжелер алқасынан» құралған «Ақ әжелер» ансамблі өнер көрсетті. Патриоттық әндер шырқалып, қазақ күйлері тарлытып, әжелердің әуезді үні әуелеген кешке Отырар ауданының әкімі арнайы келіп қатысты.

Аудан басшысы өз сөзінде келушілерді мерекемен құттықтай отырып, «...Біз бүгінгі ұрпақтың санасына рухы асқақ қаһарман еліміздің үлгі тұтарлық ерлігі мен ғылым мен мәдениеттің орталығына айналған Ұлы даламыздың бай мұраларын өнеге етіп танытуымыз керек. Бұл өскелең ұрпақтың еңсесі тік, рухы биік болып жетілуіне, егемен еліміздің кемелді ел болып қалыптасуына үлкен ықпал ететіні анық» деп мұндай шаралардың тәрбиелік мәнінің зор екенін атап өтті.

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.