Түркістан: ​«Тәуелсіздікке 27 жыл» атты салтанатты шара өтті

14 Желтоқсан, 2018 410 0

Түркістан облысы, Сайрам ауданында орналасқан Қ. Жандарбеков атындағы аудандық мәдениет үйінде «Тәуелсіздіктің 27 жылдығына» арналған мерекелік іс-шара өтті.

Кеше Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Қ.Жандарбеков атындағы аудандық мәдениет үйінде "Тәуелсіздіктің 27 жылдығына" арналған мерекелік іс-шара болып өтті.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында өткен бұл салтанатты іс-шараға арнайы аудан әкімі Бақтияр Мамаев пен аудандық мәслихаттың хатшысы Жансерік Мұсаханұлы қатысты.

Аудан әкімі Бақтияр Мамаев пен аудандық мәслихат хатшысы Жансерік Мұсаханұлы Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты шара барысында сөз сөйлеп, аудан тұрғындарын айтулы мерекемен құттықтай келе, өздерінің жүрекжарды лебіздері мен ізгі тілектерін білдірді.

Сонымен қатар, салтанатты шара барысында Түркістан облысы, Сайрам ауданының жан-жақты дамуына үлес қосқан бірқатар азаматтарға "Сайрам ауданының құрметті азаматы", "Астананың 20 жылдығы" және ауданымыздың 90 жылдық медалі мен төсбелгілері табысталды. 

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.