Түркістан: «Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне» орай семинар өтті

14 Желтоқсан, 2018 625 0

Түркістан облысы, Арыс қалалық ҚДСБ-сы эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы З.Керимкулова Арыс қаласының емдеу мекемелерінің медицина қызметкерлері арасында «Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне» орай аурудың алдын алу бойынша семинар-кеңестер өткізді.

З.Керимкулова: «ЖИТС (Жүре пайда болатын иммундық тапшылық) – иммундық қуаттың әлсіреуінен соқтыратын жұқпалы ауру. Жыныс қатынасы кезінде және зақымданған тері арқылы қанға түскен соң ғзаның қорғаныс шебі саналатын лимфа жүйесін зақымдайтын аса қатерлі ауру.

Ғалымдардың есептеуі бойынша ЖИТС (СПИД) ең алғаш 20 ғасырдың 70 жылдары АҚШ, Гаити, Африкада тіркелген, 1979-81 жылдары Нью-Йорк пен Лос-Анжелес дәрігерлері адамдардан иммунитеттің нашарлығын байқаған. Олар қан тамырының ісігі (саркома Капоши) және пневмонияның сирек формасымен ауыратын адамдар» екендігін айта келе

АИТВ/ЖИТС-тың эпидемиологиялық жағдайы, АИТВ-ның берілу жолдары туралы презентацияларын ұсынып, ақпараттық парақшаларды таратты. Қатысушылар жоғары медицина қызметкерлерге сұрақтар беріп, тиісті жауаптарын алды.

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.