Жаңалықтар

Сарыағашта бағаны көтеріп жіберген дәріханалар анықталды

Сарыағашта бағаны көтеріп жіберген дәріханалар анықталды

Елімізде дәрі-дәрмек бағасының күрт өсу деректеріне байланысты Сарыағаш ауданында да дәріханаларға мониторинг шаралары жүргізілді. Аудан әкімі Мухит Отаршиев бастаған арнайы мониторингтік жұмыс тобы бірқатар дәріханаларға барып, дәрілердің бағасын бақылап қайтты, -  деп хабарлайды NewsRoom+ Ақпарат агенттігі. Арнайы топ аудандағы орталық базар маңында орналасқан 3 бірдей дәріхананы аралап, бірқатар кемшіліктерді анықтады. Тексеру кезінде дәріханалардың бірінде кассалық аппарат болмаған, кейбірінің бағаларды тым қымбаттатып жібергені анықталды. Тағы бірінде қазіргі таңдағы сұранысқа ие дәрі-дәрмектер болмаған. Оған дәріхана иелері дәрі-дәрмектердің уақтылы жеткізілмеуін себеп болып отырғанын айтты. Бұл ретте аудан басшысы кәсіпкерлерге бағаны шектен тыс көтеру немесе карантиндік талаптар сақталмаған жағдайда заңға сәйкес жауапкершілікке тартылатындығын ескертті. Мұзхит Отаршиев сондай-ақ, мониторингтік шаралар барысында жергілікті халықпен де сөйлесті. Қандай дәрілер тапшылық туғызып отырғанын сұрап, бұл мәселені шешу жолдарын қарастыратынын жеткізді.