«Нұр Отан» партиясының Сайрам аудандық филиалы мүшелері марапатталды

13 Желтоқсан, 2018 550 0

Түркістан облысы, Сайрам ауданында бірқатар мемлекеттік қызметкерлер «Сайрам ауданының 90 жылдық» мерейтойына орай марапатталды. 

«Нұр Отан» партиясы Сайрам аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қалыбаева Мария Жахангерқызы ауданның қоғамдық жұмыстарына өз үлестерін қосып келе жатқан бірқатар партия мүшелерінің еңбегін бағалап, марапаттау рәсімін өткізді.

Сонымен қатар, белсенді партия мүшелеріне «Сайрам ауданының 90 жылдық мерейтойына арналған» медальдары табыс етілді.

Сайрам ауданының 90 жылдық мерейтой медалі зейнеткер, мемлекеттік қызмет саласының ардагері - Хакимова Тамара, «Манкент» теміржол станциясының басшысы Алмахан Исаханов, медицина саласының білікті маманы -Жұмабеков Қадыр, теміржол саласының ардагері, бүгінде темір әйел атанып кеткен қырық жылдан астам темір жол жөндеу жұмыстарымен айналысып келе жатқан жалғыз әйел азаматы Кенжебекова Гүлнәр және ауданда талай жыл өз еңбектерін сіңірген гидрогеология саласының ардагерлері мен әйелдер кеңесінің төрайымдары да марапатталды.

Марапат иелері аудан басшыларына алғыстарын білдірді. 

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.