Ордабасылықтар тәуелсіздік мерекесін тойлауды бастады

13 Желтоқсан, 2018 450 0

Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Ордабасы аудандық комитеті Ордабасы аудандық мәдениет үйінде тәуелсіздік мерекесін тойлады.

Мерекеге қатысушыларды облыстық кәсіподақ комитетінің маманы Қорғанбаев Ж.А., аудан әкімінің орынбасары Тілеубердиев А.С., аудандық мәслихаттың аппарат жетекшісі Сатқанбаев К., аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Сәрсенбеков М.Т., аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Сәдірмек Ә.Ш. құттықтады.

Озатжұмыскерлер, мерейтой иелері, облыстық «Табысты менеджер - 2018» байқауының жүлдегерлері мен кәсіподақ белсенділеріне құрмет көрсетілді. Сондай-ақ, «Менің елім!» шығармашыл ұстаздар байқауының жеңімпаздарына да дипломдар мен сыйақылар табыс етілді.

Сонымен қатар, облыстық мәслихат депутаттары - Исабаев Ә.Б., Рахиев У.Р., аудандық мәслихат депутаты Тағаев Б.Т. және жеке кәсіпкер Бекеева Н. мерекелік құттықтау ретінде 450 кәсіподақ мүшесі мен өнер көрсеткен 50 бала және олардың жетекшілеріне сый-сияпатарын ұсынды.

Мереке барысында кәсіподақ мүшелері «Болашақ ұрпақ» жекеменшік бөбекжай балабақшасының және облысымызға белгілі өнер иелері мен бишілер тобының өнерлерін тамашалап, көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.