Түркістан: пандемия кезінде індеттен көз жұмған дәрігерлер отбасыларына жәрдемақы төленеді
Түркістан: пандемия кезінде індеттен көз жұмған дәрігерлер отбасыларына жәрдемақы төленеді

«Қиын-қыстау кезеңде өзінің жанын аямай, науқастарға дер кезінде көмек көрсеткен дәрігерлер еңбегі ерен. Мен оларға алғыс айтамын. Өкінішке қарай, індеттен көз жұмған дәрігерлер де бар. Олардың отбасыларына тиісті көмек көрсету – бізге парыз», деді облыс әкімі.Естеріңізге сала кетейік, коронавирус індетімен күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған барлық қызметкерлерге материалдық үстемақы бойынша наурыз-маусым айларына 17 368 қызметкерге үш санат бойынша барлығы 2 867,1 млн. теңге берілген.