Ордабасы ауданында 85 канал тазартылып жатыр
Ордабасы ауданында 85 канал тазартылып жатыр
Түркістан облысындағы Ордабасы ауданында 871 шақырымды құрайтын 85 канал демеушілер есебінен механикалық тазартылудан өтуде. Бұл шаралар аудан көлемінде егістік жерлерді ағын сумен қамтамасыз етілуін жақсарту мен шілде айында су жетпей қалу қаупін сейілту мақсатында атқарылуда,- деп хабарлайды NewsRoom+ Ақпарат агенттігі.
Дәл қазіргі таңда ауданда 380 шақырымды құрайтын 43 каналда механикалық тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгінгі таңда 97 шақырым канал іші тазартылған. Қалған 117,6 шақырымы 15 шілдеге дейін толық тазаланып бітеді деп күтілуде.
Нәтижесінде 15 699 гектар жердің сумен қамтамасыз етілуі жақсарып, шілде айында 2 228 гектар жерге тіршілік нәрі жеткізіледі, Айта кетейік, Ордабасы ауданында 871 шақырымды құрайтын 85 канал бар. Оның 15-і республикалық, 45-і облыстық, 17-сі ауыл округтерінің есебінде, 9-ы жеке меншікте.
Бұл каналдар арқылы 33131 гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы суармалы жер игеріледі. Бүгінде демеушілер есебінен механикалық тазалаудан өтіп жатқан каналдарда 7 техника жұмыс істеуде.