Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
3 шілде, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Әркім халық көп жиналатын жерден бойын аулақ ұстауы тиіс – түркістандық мемқызметкер

Әркім халық көп жиналатын жерден бойын аулақ ұстауы тиіс – түркістандық мемқызметкер

Әркім халық  көп жиналатын жерден  бойын аулақ ұстауы тиіс – түркістандық мемқызметкер
ашық дереккөзі
Түркістан облысы, Қазығұрт аудандық ішкі саясат бөлімінің бастығы Абай Серкебаев еліміздегі эпидемиологиялық ахуал курт нашарлап кеткенін айтады. Оның сөзінше, қазіргідей қиын сәтте елде карантиндік шектеу шараларын енгізбесе болмайды,-  деп хабарлайды NewsRoom+ Ақпарат агенттігі. «Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қазақстанды короновирус тез таралып жатқан елдер қатарына қосты. Өйткені елімізде індет жұқтырғандар саны күннен күнге өсіп отыр. Сондықтан қауіптің алдын алу үшін әрбір адам халық көп жиналатын жерден бойын аулақ ұстауы қажет. Көшеде бей-берекет жүрмеу, бетпердесіз уйден шыкпау тәрізді сақтық шараларын ұстану жөнінде халық арасында түсіндірме жумыстарын қайта-қайта жүргізу қажет. Әрине, әркім өз денсаулығына өзі жауапты. Десе де жағдайға түсіністікпен қарап, бір бірімізге қолдау көрсетсек, аты жаман індеттен ертерек құтылатынымыз анық. Ең бастысы урейге бой алдырмай, санитарлық талаптарды қатаң сақтағанымыз жөн. Қиын кундер әлі де артта қалады деп сенеміз. Сақтық шараларын бәріміз өзімізден бастайық. Тәртіпке бағынайық. Денсаулық-басты байлық екенін әсте естен шығармайық»,- дейді Абай Серкебаев.