​«Желтоқсан оқиғасы - тәуелсіздікке жасалған бір қадам» атты кеш өтті

13 Желтоқсан, 2018 417 0

Бүгін Түркістан облысы, Сайрам ауданында «Желтоқсан оқиғасы - тәуелсіздікке жасалған бір қадам» тақырыбында Желтоқсан құрбандарын еске алу кеші болып өтті.

Тәуелсіздік — халықтың үні, ұлттың тілі мен ділі. Тәуелсіздік күні қарсаңында Ақпан батыр атындағы №10 жалпы орта мектебінің кітапханасында 16 Желтоқсан - Тәуелсіздік күніне орай "Желтоқсан оқиғасы - тәуелсіздікке жасалған бір қадам" атты еске алу кеші өтті.

Қазақ елі үшін – ең қастерлі, қасиетті күнге орай ұйымдастырылған іс-шараға Ақпан батыр атындағы № 10 жалпы орта мектебінің ұстаздары мен оқушылары қатысты. Еске алу кешін желтоқсан құрбандарына құрмет көрсетіп 1 минуттық үнсіздікпен бастадық.

Аталған шарада "Желтоқсан оқиғасы - 1986 жыл" атты видеоролик көрсетіліп, тәуелсіздік қазақ халқына оңайлықпен келмегенін көрерменге ұғындыру мақсаты жүзеге асты. Оқушылар "Жастардың алаңға шығуы", "Қайраттың хаты" атты сахналық көріністер көрсетсе, Сырлыбаева Г және Есбалатқызы А "Туған жер", "Тәуелсіздік құтты болсын!" өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Өнерлі жасөспірімдер қазақтың ұлттық биін мың бұрала билеп, С.Сағындықова асқақ рухты оятатын М.Арапбаеваның орындауындағы "Иә, солай!" әнін шырқады. Еске алу кеші оқушылардың орындауында "Желтоқсан желі " әнімен аяқталды.

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.