Пайдаланушы тәжірибесін жақсарту мақсатында біз cookies файлдарын пайдаланамыз.
Сайтты әрі қарай қолдану арқылы сіз cookies файлдарын пайдалануға келісетініңізді растайсыз
Шымкенттік дәрігерлер шеге жұтып қойған үш жасар баланы аман алып қалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Белгілі болғандай бүлдіршіннің ата-анасы пәтерінде жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан. Перзентінің белгісіз қатты затты аузына салып, жұтып қойғанын көрген анасы бірден жедел жәрдем қызметін шақырған. Ақ халаттылар сәбиді қалалық клиникалық балалар ауруханасына жеткізген. Дәрігерлер жедел жәрдем қызметі әкелген кезде баланың жағдайы ауыр еді деп отыр. Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, мамандар уақыт өткізбей баланы бірден видеогастроскопия аппаратымен тексерген. Осыдан кейін ауруханадағы білікті хирургтар Әкім Түлкібай мен Асанбай Құрманалиевтің жетекшілігімен бүлдіршінге жабық ота жасалған. Осылайша дәрігерлер асқазанда тұрып қалған 4 см шегені эндоскопиялық жолмен яғни сәбидің денесін тілмей-ақ алып шыққан. Ақ халаттылар дер кезінде балақайға көмек көрсетілмесе, соңы қайғылы жағдайға алып келуі мүмкін еді дейді. Дәл қазіргі уақытта шеге жұтқан үш жасар баланың жағдайы жақсы. Анасымен бірге үйіне шығарылған.