Жаңалықтар

Түлкібас ауданында бірнеше тұрғынды алдаған алаяқ әйел ұсталды

Түлкібас ауданында бірнеше тұрғынды алдаған алаяқ әйел ұсталды

Түркістан облысы, Түлкібас ауданында алаяқ әйел жұртты «мүгедектікке шығарып беремін» деп алдап кеткен. Күдікті өз жауабында ақша қажет болғандықтан осындай әрекетке барғанын айтқан, - деп хабарлайды NewsRoom+ Ақпарат агенттігі  Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, Түлкібас АПБ-не арызданған жергілікті тұрғын өткен жылдың қыркүйек айында өзімен қызметтес болған жас қызға алданып қалғанын айтқан. Мүгедектікпен зейнеткерлікке шығарып беремін деген уәдесіне сеніп, сұраған 200 мың теңгесін ұстатқан. Осыған ұқсас шағыммен полиция бөліміне тағы бір тұрғын хабарласқан. Жұртты алдап кеткен әйелді ұстау үшін тәжірибелі полицейлерден жедел-тергеу тобы құрылып, күдіктіні қолға түсірген. «Ол жергілікті тұрғын болып шықты. Жауап алу кезінде бірнеше тұрғынды алдағанын мойындап, ақшаларын алғаннан кейін аталған мекемеден жұмыстан шығып кеткенін айтқан. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде» делінген хабарламада.