Жаңалықтар

Әлемдегі «қоқыс аралының» көлемі Франция жерімен бірдей

Әлемдегі «қоқыс аралының» көлемі Франция жерімен бірдей

 width= Жер шарындағы ең үлкен «қоқыс аралының» көлемі Францияның жер көлемімен бірдей. Бұл туралы мұхит зерттеушісі және қорғаушысы Филипп Кусто айтты, деп жазады NewsRoom+ақпарат агенттігі.
«Бізде мұхиттың ортасында орналасқан бес үлкен «қоқыс аралы» бар. Олар мұхит ағындарынан пайда болған. Ол жерлерге әлемнің түкпір-түкпірінен пластиктер түседі. Ең үлкен «қоқыс аралы» Тынық мұхитында орналасқан, оның көлемі АҚШ-тың Техас штатынан үлкен, ауданы Франциямен теңеседі», - деді.
Кустоның айтуынша, қоқыс аралдары негізінен пластиктен тұрады.