​Кентау қаласында ІТ сынып ашылды

13 Желтоқсан, 2018 484 0

Түркістан облысына қарасты Кентау қаласында ІТ сынып ашылды.

Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Кентау институтында іске қосылған ІТ сыныпта робототехника курстары үйретіліп, жастарды цифрлық жүйеге баулу ісі атқарылады. Сондай-ақ, мұнда қуаты жоғары интернетпен жабдықталған компьютерлерді түрлі бағдарламалар жасау жұмыстарын меңгереді.

Салтанатты жиынға қала әкімі Әбдібақыт Мақұлбаев, «Нұр Отан» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрмахан Жолдасов, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ президенті Болатбек Абдрасилов қатысты.

Қала әкімі Әбдібақыт Мақұлбаев «Нұр Отан» партиясы жасаған арнайы бағдарлама негізінде іске асып отырған игі бастаманың жастар үшін маңызының жоғары екендігін жеткізді.

- Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың сенім білдірген ХХІ ғасырдың жастары ІТ сыныптарда озық технологияларды меңгеріп, үйренуі керек. ІТ сыныптар ашылуы мұнымен шектеліп қалмай қаланың барлық білім беру мекемелерін қамтитын болады. Бұл келер ұрпақтың бәсекеге қабілеттігін арттыратыны сөзсіз,– деді қала басшысы.

Жиын барысында Кентау қаласының әкімдігі, «Нұр Отан» партия және Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ ІТ сыныбын ашу, ІТмамандарын дайындау бағытында үш жақты меморандумға қол қойды.

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.