Түркістан: Санитарлық тазалық туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді

13 Желтоқсан, 2018 452 0

Түркістан облысы Отырар ауданына қарасты аудандық кәсіпкерлік бөлімі және Шәуілдір ауыл әкімдігінің аппараты қызметкерлері Шәуілдір ауылындағы М.Әуезов, Ұ.Арғынбеков, Жібек жолы көшелерінің бойында орналасқан кәсіпкерлік нысан иелеріне айнала тазалығын сақтау жөнінде кезекті түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Бұған дейінгі аудан аумағындағы соңғы жалпыхалықтық сенбілік желтоқсан айының 8 жұлдызында ұйымдастырылған болатын. Енді міне, мерекелік күндердің қарсаңында тазалық көз қуанышы екенін ескерген аудандық кәсіпкерлік бөлімі мен Шәуілдір ауыл округі әкімдігі аппаратының қызметкерлері ауданның гүлденуіне, абаттанып, ажарлануына тұрғындар тарапынан шамалы да болса үлес қосылып жатса, берекелі елдің нышанын көрсететіндігі айқын екендігі жөнінде түрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Олар ауыл тұрғындары мен кәсіпкерлік нысандарының иелерін тазалыққа, аудан орталығы таза да көрікті болуы үшін бір кісідей атсалысуға, кәсіпкерлік нысандарының айналасын таза ұстауға шақырды. Өз кезегінде тұрғындар мен жергілікті шағын кәсіп иелері де тазалықты бірінші орынға қойып, аудан орталығы тазалығына үлес қосуға ниетті екендіктерін білдірді. 

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.