Атырауда "тіқұшақпен у таратып, балалар содан ауырды" деген қауесет қаншалықты рас?
Атырауда "тіқұшақпен у таратып, балалар содан ауырды" деген қауесет қаншалықты рас?
Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасы әлеуметтік желілерде тараған балаларға қатысты жұқпалы ауру туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды NewsRoom+ақпарат агенттігі.
Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, "Атырау қаласы тікұшақпен уланады, осы арқылы балалар ауырады" деген әлеуметтік желілерде тарап кеткен.
Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Қабдықапаров бұл тараған ақпаратты жоққа шығарды.
"Атыраудың провизорлық стационарларына балалар керуетін əкелу арқылы, əдейі ауру таратылып жатыр" деген мазмұнда әйел адам таратып жатқан ақпарат шындыққа сəйкес келмейді. Мұндай жалған ақпарат таратушылар ҚР қолданыстағы заңнамасына сəйкес, қылмыстық жауапқа тартылатындығын ескертеміз" делінген баспасөз хабарламасында.