Марафонның мақсаты - жастар арасында оқу мәдениетін арттыру, отандық және заманауи авторларды танымал ету, сонымен қатар карантин кезінде жастардың уақытын тиімді пайдалану.
Марафонның тәртібі:
1) 21 күн қатысушы күніне кемінде 1 сағат өз қалауына сәйкес кез-келген әр түрлі тақырыптағы (өзін-өзі дамыту, бизнес, көркем әдебиет, тарихи және т.б.) танымал TOP-тардың тізіміне енген кітапты оқуға тиіс.
2) Осыдан кейін, әлеуметтік желілердегі (Инстаграм және Фейсбук) өз аккаунтыңызда 3 кітапты оқуға уәде беріп, кітаптар тізімін жариялаңыз;
3) 3 досты таңдап, оларға марафонды өтуге ұсыныңыз;
4) Фотосуреттерді немесе бейне роликтерді өз парақшаларыңызға (стористерде, посттарда) жүктеңіз, кітаптан алған әсерлеріңізді, пікірлеріңізбен бөлісіңіздер.
5) #ҮйдеБіргеОқимыз
#UideBirgeOqimyz
#Eljastary хэштегін көрсетуді ұмытпаңыз!
Марафонның белсенді қатысушылары бағалы сыйлықтар мен алғыс хаттарды ала алады.
Іске сәт!