Пилотаж
Ел ішінде əр түрлі алып-қашпа əңгіме жүр. Əуе кеңістігінде тікұшақтар жерге жақын ұшса, "вирус сеуіп жүр" деп қауіптенуде. Бірақ бұл қисынға келмейді. Жалған ақпарат, - деп хабарлайды NewsRoom+Ақпарат тілшісі.
Қалада түнгі уақытта да, күндізгі уақытта да аптасына үш рет өткізілетін тұрақты ұшулар бұл - Шымкент авиациялық базасының әскери авиациясы ұшқыштарының оқу-жаттығуы. Яғни, əскери авиация топтық ұшуларды пысықтауға кірісті.
Пысықтау барысында пилотаждық аймақтардағы Ми-35М және Ми-171Ш тікұшақтарының экипаждары жұптар мен буындар құрамында топтық ұшу элементтерін жүргізуде. Ұшқыштар 50-ден 1000 метрге дейінгі кіші және өте кіші биіктіктерде сүңгу және төбешіктер сияқты күрделі пилотаж элементтерін орындауда.