Қазығұрт ауданында улы газбен уланудың алдын алу бойынша үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді

13 Желтоқсан, 2018 436 0

Түркістан облысы, Қазығұрт ауданында тұрғындарға улы газбен уланудың алдын алу шаралары негізінде үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді.

Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті, мемлекеттік тіл және ақпарат тобының мәліметінше Қазығұрт ауданының төтенше жағдайлар бөлімі және Қазығұрт ауданындағы №13 өрт сөндіру бөлімі қызметкерлерімен бірлесіп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

«Қыс айлары келіп, күн суыта бастағаннан адамдар жылыту құрылғыларын пайдаланады. Пайдалану барысында адамдардың көбісі пештердің, жылыту құрылғыларының қолдану ережелерін сақтамағандығынан улы газбен улану оқиғаларына әкеп соғады»,- дей келе өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері осыған байланысты Қазығұрт ауданы аумағында жылу беру маусымында адамдардың улы газбен уланудан алдын алу және қысқарту бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар, Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері аудан тұрғындарына улы газбен уланудың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, жадынамалар таратты. 

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.