Жаңалықтар

Жау болжаусыз...

Жау болжаусыз...

Алматы облысы Талғар ауданының полиция бө­лім­­шесіне жеке шаруа қожалықтардың бірінің иесі ха­­барласып, қорада тұрған жылқысының ұрланғанын ай­тып арызданған еді. Ұры өз қорасында жүріпті. Бұл туралы NewsRoom+ Ақпарат тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Аудандық полиция бөлім­шесінің қызметкерлері мал ұр­лы­ғын ашуға бағытталған шара барысында қылмысқа қатысы бар күдіктіні ұстады. «Арнайы шара барысында сол шаруа қожалықта мал ба­ға­тын Ұйғыр ауданының 44 жас­тағы тұрғыны күдікке ілінді. Ал­дын ала тергеу бары­сында ол қыл­­­мысын мо­йындап, ұрлаған жыл­­қыны қайда сатқанын көр­сет­ті. Жылқы тәркіленіп, заңды ие­­сіне аман-есен табыс­талды», – деді Талғар ауданы По­ли­ция басқар­масының бастығы Ерлан Қасым. Оның айтуынша, қо­жайын­дарының үйде жоғын пай­да­лан­ған малшы ішімдік ішуді жос­парлаған. Алайда қалта­сын­да қаржысы жоқ күдікті ақ­ша табудың оңай жолын қа­­­растырған. Қорадағы көп жыл­қының бірін ұстап, көрші шаруа қожалыққа сатуға ты­рыс­қан. Бағасы арзан, құ­жаты жоқ жылқыны сатып алған көршісі аз ғана сома беріп, құ­жатын әкелуге шы­ғарып сал­ған. Мал ұрлығын жасаған кү­дікті аудандық поли­ция жа­нындағы уақытша ұстау изоля­торына қамалды. Тәртіп сақ­шылары оның өзге де мал ұр­лықтарына қатысы барын тек­серіп жатыр.