Саясаттанушы Талғат Қалиев праймериздің мүмкіндіктері туралы айтты

Саясаттанушы Талғат Қалиев праймериздің мүмкіндіктері туралы айтты

ашық дереккөзі

 width= Nur Otan партиясы 17 тамыз бен 3 қазан арасында партияішілік сайлау, яғни праймериз өткізетінін хабарлаған болатын. Аталған праймериз туралы белгілі журналист әрі саясаттанушы Талғат Қалиев ойын білдірді, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі. Талғат Қалиев «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, ҚР президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметтерін атқарған. 2020 жылдың мамыр айынан бастап  «Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының» директоры қызметін атқарып келеді. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің құрамына да енген, саяси ғылымдар кандидаты әрі саясаттанушы.

Саясаттанушының сөзінше, Nur Otan партиясының праймеризі үлкен өзгеріс жасауға арналған құрал болуы да мүмкін. Осы уақытқа дейін партиялық сайлау кезінде ешқандай белсенділік танытпайтын өзге де партиялардың дәл  қазір іске кірісіп, ақыл мен жүрекке жол беру керек.
Праймериз – партияішілік сайлау. Бұл – сайлауға қатысып бақ сынайтын партия ішіндегі кандидаттардың таңдауы және айта кететіні, праймериз халықаралық тәжірибеге негізделген.

Жүктелуде...