Желтоқсан оқиғасының куәгерлеріне құрмет көрсетілді

12 Желтоқсан, 2018 419 0

Кентау қаласының әкімі Әбдібақыт Мақұлбаев «Желтоқсан оқиғасына» қатысушылармен кездесті.

Түркістан облысы, Кентау қала әкімдігінің мәжіліс залында өткен жиында желтоқсан оқиғасының куәгерлері мен қала әкімдігініе қарасты дербес бөлім басшылары қатысты.

Кездесуде «Желтоқсан-86» ұйымының төрайымы Рахима Утебаева желтоқсаншыларды мазалап жүрген мәселелермен таныстырды. Ұсыныстарын айтып, сұрақтарын қойды. Барлық мәселелермен мұқият танысқан қала әкімі Әбдібақыт Мақұлбаев мәселелердің шешілу жолдарымен таныстырып, көпшілікті тәуелсіздік күнімен құттықтады.

- 1986 жылы болған Желтоқсан көтерілісі — Тәуелсіздігімізге жол бастаған айтулы күн. Сол кездегі жастарымыздың жігері бізді егемендікке жетеледі. Биыл Желтоқсан оқиғасына 32 жыл, Тәуелсіздігімізге 27 жыл! Демократиялық жаңарудың бастауында тұрған желтосаншылардың қатарында кентаулақ жерлестеріміз де бар. Сіздердің ерліктеріңізді ешқашан ұмытпаймыз! Тәуелсіздігіміз тұғырлы, бірлігіміз баянды болсын,- деді қала басшысы.

Жиын барысында сөз алған желтоқсаншылар қаладағы атқарылып жатқан жұмыстардың жоғары баға беріп, қала әкіміне алғыстарын айтты.

Кентау қалалық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен өткен жиында желтоқсан оқиғасының куәгерлеріне құрмет көрсетіліп, сыйлықтар табыс етілді.

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.