Жаңалықтар

Лукашенко жеңді ме, жеңілді ме?

Лукашенко жеңді ме, жеңілді ме?

Беларусьтегі кеше өткен президенттік сайлаудың бейресми қорытындысы жария болды. Ұлттық эксзит-полдың есебінше, бұл жолы да президент Александр Лукашенко жеңіске жеткен. Экзит-пол қорытындысы: Александр Лукашенко – 79,7 пайыз дауыс, ал оның басты қарсыласы Светлана Тихановская 6,8 пайыз дауыс алған. Сайлаудың ресми қорытындысы 10 тамызда, яғни бүгін жариялануы тиіс. Бұл туралы NewsRoom+ Ақпарат тілшісі  Abai.kz порталына сілтеме жасап. Беларусь билігі бұл сайлауға халықаралық бақылаушыларды және демократиялық талаптардың жүзеге асуын бақылайтын еуропалық ұйымдардың өкілдерін қатыстырған жоқ. Осыған қарамастан, ел билігі сайлау өтті деп есептеді. Кеше кешкі Беларусь белсенділері ресми есепті мойындамай, өздерінің экзит-полын жариялаған. Ол бойынша Тихановская 70 пайыз, Лукашенко 10 пайыз дауыс алған. Елді 26 жылдан бері басқарып келе жатқан 65 жастағы Александр Лукашенко бұл жолы да сайлауға қатысқан. Оның негізгі қарсыласы қарапайым мұғалім Светлана Тихановская. Ол күйеуі, оппозициянер Сергей Тихановскийді үміткер болуға жеткізбей қамауға алғаннан кейін саясатқа баруға шешім қабылдаған. Светлана Тихановская сайлаудың бейресми қорытындысы – ұлттық экзит-пол есебімен келіспейтінін, Лукашенконың жеңісін мойындамайтынын мәлімдеген. Ал Беларусь Орталық сайлау комиссиясының басшысы Лидия Ермошина сайлаудың нақты қорытындысы жұмаға дейін есептеліп болатынын айтқан. Ол сондай-ақ, жеңілген үміткерлерге сайлау нәтижесін сабырмен қабылдап, елде бүлік шығармауға кеңес берген. Десе де, мемлекеттік экзитполдың нәтижесі жарияланғаннан кейін Беларусьтің бірнеше қаласында оппозиция тарапынан азаматтар министгілерге шыға бастаған. Әлеуметтік желілердің хабарлауынша Минскіде «Жеңімпаздар» және «Машеров» көшелерінің қиылысында орналасқан «Минск - город-герой» стеласының алдына, сондай-ақ «Жеңіс» алаңында мыңдаған наразы адам жиналған. «NEXTA Live» деректеріне қарағанда, Немигте тұтқындарды тасымалдайтын үлкен көлік  наразы топты қаққан. Зардап шеккендер бар, қайтыс болғандар да болуы мүмкін. https://www.youtube.com/watch?v=gSXVcT60KUM&feature=emb_title https://www.youtube.com/watch?v=di-sCHOupsg&feature=emb_title Президенттік сайлаудың алдында президент Лукашенконың «жалғыз» оппоненті Светлана Тихоновскаяның штабына сайлауға жіберілмеген екі ірі оппозициялық топ біріккен еді. Олар: «Белгазпромбанктің» бұрынғы басшысы Виктор Бабарико мен оппозицонер Валерий Цепкалоның сайлауалды штабы. Ал Тихановаскаяның сайлауалды үгіт-насихат жиындарының әрқайсысына 35 мың мен 65 мыңның аралығында адам жиналып отырған. Сарапшылар, мұны Лукашенко билігі тұсындағы ең ірі наразылық жиындары деп бағалаған.