​«Түркістан – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі ашылды

12 Желтоқсан, 2018 500 0

Түркістан облысы орталығында «Түркістан –адалдық алаңы» жобалық кеңсесі ашылды.

Маңызды оқиға киелі өңірге арнайы іс-сапармен келген ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Айгүл Шайымованың қатысумен өтті. Жиынға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департамент басшысы Ғалым Тұрсынбаев және департамент қызметкерлері менБАҚ өкілдері қатысты.

Жоба Астана қаласының тәжірибесі бойынша енгізіліп отыр. Басты мақсаты - тұрғындардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыру, жемқорлық деңгейін төмендету және сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетті қалыптастыру.

Тұрмыстық сыбайлас жемқорлық факторын түбегейлі жоюдың маңыздылығына тоқталған ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Айгүл Амантайқызы жобалық кеңсенің лентасын қиып,жұмысына сәттілік тіледі.

Жоба азаматтарға қолайлы жағдай жасау үшін ашықтық пен ауқымды қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету, сот және құқық қорғау жүйесін сервистік форматқа ауыстыра отырып, сапалы өзгерістер енгізуге жол ашатын болады.

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.