Жаңалықтар

Майк Тайсон мен Рой Джонстың жекпе-жегі шегерілді

Майк Тайсон мен Рой Джонстың жекпе-жегі шегерілді

Ауыр салмақтағы бұрынғы абсолютты чемпион Майк Тайсон мен төрт салмақ салмақ дәрежесіндегі әлемнің экс-чемпионы кіші Рой Джонс арасындағы кездеу шегерілді. Бұл туралы NewsRoom+ Ақпарат тілшісі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап. Қос боксшы арасындағы жекпе-жек 12 қыркүйекке жоспарланған. Алайда енді бұл кездесу 2020 жылы 28 қарашада өтетін болды. Дереккөздің хабарлауынша, жекпе-жекті шегеруді Тайсонның командасы ұсыныпты. Олардың пікірінше, бұл өзгеріс қосымша табыс әкелуі мүмкін. Бұл пікірмен Рой Джонс та және оның командасы да келіскен.