Түркістан облысында тұңғыш рет ұлт саулығын дәріптейтін конференция өтті

12 Желтоқсан, 2018 407 0

Түркістан облысында тұңғыш рет «Салауатты тамақтану мәселелері, ұлт саулығының тетігі» тақырыбындағы Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Түркістанда Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасы басшылығы мен облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен «Салауатты тамақтану мәселелері, ұлт денсаулығының тетігі» тақырыбында тұңғыш Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Маңызды шараға (Чехия) Прага қаласының Халықаралық білім беру институтының директоры, профессор Марина Канушина және Қазақ Тағамтану академиясының ғалымы Майгүл Қайнарбаева арнайы шақырылды.

Халықаралық конференцияға өңірдің бастық медицина мекемелерінің басшылары мен денсаулық сақтау саласының өкілдері қатысты. Шара барысында оңтүстік өңірінде салауатты өмір салты қағидаларын насихаттайтын «Денсаулық Елшілері» тағайындалды. Сонымен қатар қатысушылар «Пайдалы өнімдер» көрмесінің жұмысымен танысты.

- Салауатты өмір салтын дәріптеуге атсалысу әркімнің өз қолында. Біз бұл мәселеге аса назар аударуымыз қажет. Өңірімізде аурухана, емхана саны артқанымен, бұл аурудың азаюына алып келмейді. Сондықтан ұлт саулылының тетігі - салауатты өмір салтын ұстануды мақсат тұтуға міндеттіміз,- деді жиын барысында Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев.

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.