Жаңалықтар

Бейрут: мыңдаған адам үкімет үйінің алдына жиналды

Бейрут: мыңдаған адам үкімет үйінің алдына жиналды

 width=
Сенбі, 8 тамызда Бейрут орталығында мыңдаған адам үкіметке қарсы митингіге шықты, наразылық білдірушілер мен қауіпсіздік күштері арасында жаппай қақтығыс болды. Бұл туралы Euronews телеарнасының сюжетінде айтылған, - деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. Алаңға шыққандар мемлекеттік ғимараттарға шабуыл жасады: атап айтқанда СІМ, энергетика, экономика және табиғатты қорғау министрліктеріне.
Ливан банктері қауымдастығының штаб-пәтерін басып алуға да әрекет жасалды, бірақ күзетшілер ашулы халыққа қарсы тұра алды. Кейінірек әскер келіп, наразылық білдірушілерді министрлік ғимараттарынан ығыстырды.
Ливан президенті Мишель Аун, парламент спикері Набих Берри және премьер-министр Хасан Диабтің отставкаға кетуі талап етілді. Соңғысы мерзімінен бұрын сайлау өткізуге шақырды.
"Дүйсенбіде министрлер кеңесінде мерзімінен бұрын сайлау өткізу туралы ұсыныс жасаймын. Бізде үлкен қайғы болды", - деді Хасан Диаб.
Премьер-министр Бейрут портындағы жарылыстың тергеуі ұзаққа созылмайтынын мәлімдеді. Оның айтуынша, болған оқиға "көпжылдық сыбайлас жемқорлықтың" нәтижесі және ол барлық кінәлі адам табылатынына уәде берді.   Ливан астанасындағы қақтығыс кезінде де үш мың тоннаға жуық аммиак селитрасы жарылған жерде іздестіру-құтқару жұмыстары жалғаса берді. Еске салайық, жарылыстан 150-ден астам адам қаза тапты, алты мыңға жуық адам зардап шекті, 300 мың тұрғын баспанасыз қалды.